БИЫЛ АУДАНДА 11 ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Жол бүкіл тіршіліктің күретамыры. Қандай ел болмасын жолдың сапасына қатты көңіл бөлген.
Ауданымызда да тұрғындардың жүріп – тұруына қолайлы жағдай туғызу үшін жол жағдайына баса назар аударылып келеді.
Биылғы жылы ауданда 11 жол жөндеу жобалары іске асырылып жатыр.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Шағалалы ауылына кіре беріс 9,2 шақырым жол, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын 10 жоба қолға алынған болатын.
Тиісті мердігерлер анықталған.
Қазіргі таңда, 5 жобаның, атап айтқанда Жаңаталап ауылындағы Р. Сатенұлы көшесі, Данияров көшесінің жол жабындысын орташа жөндеу және Данияров көшесін жарықтандыру, Ұйым ауылындағы Сағынтаев көшесі, Жайылма ауылындағы Т.Рахым, Жаңа көшелеріне жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Шағалалы ауылына кіре беріс жолдың және Саудакент ауылындағы
Ө. Сармолдаев көшесі, Ш. Уәлиханов көшесі, Абылайхан көшесі, Тоғызкент ауылындағы Төреқожа, Бетпенбет, Сапақ Датқа көшелерінің жөндеу жұмыстары тамыз айында басталатын болады.
Айта кету керек, ағымдағы жылы аудандық жол құрылыс саласына 616,8 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде, республикалық және облыстық бюджеттен 413,8 млн. тенге, жергілікті бюджеттен 203 млн. тенге қаржы қарастырылған.
Жалпы, аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 535,47 шақырым.
Оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдар 281,8, аудандық маңызы бар жолдар 64,87, елді-мекендер көшелері 188,8 шақырымды құрайды.

Сарысу ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment