Биыл 3000 қазақстандық қажылыққа аттанады

Биыл Сауд Арабиясына қажылыққа 3000 қазақстандық аттанады.

«Сауд Арабиясы тарапынан 3000 орынға квота бөлінді. Қазақстандық қажыларды 18 компания апарады. Өтініш бергендердің қатарына 16-89 жас аралығындағы азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге барады. Бүгінгі таңда 1500-ге жуық адамның визасы дайын», — деді ҚМДБ өкілі Нұрқанат Байзақов.

Оның айтуынша, биылғы қажылықтың ерекшелігі — бірыңғай киім киетіндігінде.

«Бұрын 18 компания 18 түрлі киіммен апаратын. Енді биыл киім бір, тек киімдегі логотип қана әртүрлі болады», — деді Н.Байзақов.

Биыл қажылық сапарының құны 4400-5000 АҚШ доллары шамасында.

«Қажылық сапарының құны көрсетілетін сервиске, тамаққа, қонаүйдің алыстығы мен жақындығына байланысты болады»,- деді ол.

Қажылар қасиетті орындарға отандық Scat және Сауд Арабиясының Fly Nas әуекомпанияларының ұшақтарымен жетеді.

Биыл рейстер Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан ұшады.

Қажылардың алғашқы легі Қазақстаннан 8-9 тамызда шықса, елге 1 қыркүйекке дейін оралуы тиіс.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment