https://turkystan.kz/article/259792-statistika-biyl-217-myn-tulek-mektep-bitiredi
Оқу-ағарту министрлігі биыл қанша оқушы мектеп бітіретіні туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, биыл 3,9 млн қазақстандық оқушы оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.
Сондай-ақ сәуір айының басында министрлік өкілдері 2025 жылы 370 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратынын хабарлаған еді. Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталып кетті.
Айта кетейік, былтыр 186 мың қазақстандық оқушы мектеп бітірген болатын.