Биыл Тәуелсіздігімізге отыз жыл. Азаттықтың алауы жағылған үш он жылдықтың ішінде еркін елде атқарылған іс қыруар. Барлық даму қадамдары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып келеді. Түрлі салаға айырықша көңіл бөлінді. Сондай-ақ, әр өңірлердегі жол құрылысы да назардан тыс қалмады. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында Үкіметте жолдың күйін жақсарту мәселесі көтерілді. Бұл салаға жергілікті және республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, еліміздің түкпір-түкпірінде жол құрылысы басталды. Жолдардың сапасына арагідік сын айтылып жатқанымен, бұл саладағы ілкімді істер қуантады. Қарқынды жол құрылысы — Тәуелсіздік жемісі.
Жол құрылысы саласының алдыңғы қатарлы өкілдері Жол Лабаратория мекемесі. Аталмыш кәсіпорын «жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында 2006 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығымен 2019 жылғы 23 мамырда заңды тұлға ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жамбыл жол лаборатория мекемесін біріктіру арқылы Ұлттық жол активтер сапа орталығы ШЖҚ РМК Жамбыл обылысы бойынша филиалы болып қайта құрылды. Соның арқасында жұмыстын және материалдардың сапасын сараптау өте жоғары дәрежеге жетті. Десек те соңғы уақытта Қазақстанның автомобиль жолдары саласындағы жобалар халықаралық қаржылық институттың қолдауымен іске асырылды. Осылайша Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің реконструкциясы жүргізілді. Сонымен қатар, көптеген облыстық, аудандық автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту,жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді. Филиал қызметінің мәні автомобиль жолдарын салу,қайта жаңарту,жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау.
Филиал жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында және елді мекендер мен қалалардың көшелеріндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізеді. Автомобиль жолдарын диагностикалау және аспаптық тексерумен, халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс- шараларды жүзеге асырумен айналысады. Мекеменің жол саласы бойынша қызмет мамандары (инженерлер,лаборанттар және зертхана меңгерушісі)-жалпы саны 16 адамды құрайды. 2019 жылы мекемеге асфальт анализатор лабораториялық қондырғысы (Германияда жасалған) сатып алынды. Асфальт анализатор қондырғысының негізгі міндеті асфалтобетон қоспасының құрамын жедел түрде 40-45 минута талдап береді.
Бұрынғы қондырғы асфальттың құрамын көріп зерттеуден өткізу үшін екі тәулік уақыт кеткен Ал мына қондырғы небәрі 40 -45 минутта қажетті қорытындысын шығара алады. Яғни оның қызметі автоматтандырылған. Асфальттың құрамында каншалықты минералды ұнтақ қанша грамм битум бар екенің шағал мен өзге қиыршақ тастар құм қаншалықты қосылғаның дәлме-дәл анықтайды. бір сөзбен айтқанда бұл қондырғы мамандарымыздың уақытын үнемдеп жұмысын азайтаса, екіншіден мүмкіндіктерімізді де арттырып отыр.
Ахметжан Бименов
Жол активтері Жамбыл облыстық ұлтық сапа орталығының инженері