4 сәуірде «Ezy Park» ЖШС құрылтайшыларының тізімінен Қаныш Төлеушин (ЦДИАӨМ бірінші вице-басшысы), Тасболат Абдуллин және Альмира Нұрлыбекова (Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевтың анасы) шықты.
Қалған құрылтайшылар қатарында Сержан Мәдиев пен Алий Оспанов бар, сондай-ақ Қайрат Мәлік пен Азамат Ахметжанов есімді жаңа тұлғалар пайда болған. Қайта тіркеу 4 сәуірде өтті.
Гастроорталықтың аумағында 30 мекеме орналасқан, олардың бірінде (Bau мейрамханасы) Салтанат Нүкенова өлтірілді.
Kompra.kz дерегі бойынша, Оспанов – бірқатар ЖШС құрылтайшысы және басшысы, олардың кейбірі гастроорталықтың бұрынғы және қазіргі құрылтайшыларымен байланысты.
Мәдиев – Alzhan қоғамдық қорының, «Нұр-Сұлтан баскетбол федерациясы» ҚҰ және «Wowkz» ЖШС құрылтайшысы. Сондай-ақ, Мадиев басшы Ибраев Қанат саналатын Alawwal Partners Ltd компаниясының құрылтайшысы.
2023 жылғы 9 қарашада гастроорталықта орналасқан астаналық Bau мейрамханасында экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық әйелін ұрып-соққан. Салтанат Нүкенова жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ғимарат осы уақытқа дейін 4 акционерге тиесілі болды, оның ішінде Қуандық Бишімбаевтың анасы бар еді.
Гастроорталықта бөлім басшысы болған Молдақаш Қалмұрат Жолшыбайұлы сол түні болған оқиғалар бейнеленген видеолар қалай өшірілгенін айтып берді.
https://stan.kz/bishimbaevtin-anasi-nukenova-oltirilgen-gastroortalik-k-398419/