Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мейрамханалардың бірінде Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр», — делінген хабарламада.
Ал қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» 99-бабының 1-тармағында: «Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – делінген.
Еске салсақ, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Бұрын сыбайлас жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған экс-шенеунік түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан.https://stan.kz/ayelin-yrip-oltirdi-degen-kudikte-eks-ministr-bishimbae-390991/