Басылымның мәліметінше, Жанна Оразбақованың үстінен «Базис-А» компаниясының басшысы Александр Белович пен бұрынғы әйелі Лилия Анушина арасындағы сотқа қатысты “қылмыстық іс бойынша құпияны жариялады” деген күдікпен тергеу басталған. Жанна Оразбақова сотта Лилия Анушинаның мүддесін қорғайды.
Адвокат Жанна Оразбақова өзіне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеуге пікір білдірді.
«Мен өзімен қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын БАҚ-тан оқыдым. Менің ойымша, бұл менің жұмысыма жасалған айқын қысым. Оның үстіне бұл адвокаттық қызмет туралы заңға тікелей қайшы, өйткені мен өз қорғауымдағы тұлғаны белгіленген тәртіпте қорғап жатырмын», – дейді Жанна Уразбахова.
Адвокаттың айтуынша, өзіне тағылған сотқа дейінгі тергеп-тексеру құпиясын жария етті деген айыптар негізсіз, себебі ол іс материалдарымен таныспаған және жария етпеу туралы келісімге қол қоймаған.
«Істі 423-бап бойыншатіркеудің еш мәні жоқ. Қылмыстық кодекс бойынша ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қоюым керек, бірақ олай болған жоқ. Мен өзім білмейтін нәрсені қалай жария ете аламын?» – дейді Жанна Оразбақова.
Алматы қалалық полиция департаменті Жанна Оразбақова мен оның әріптесі Ғабит Бекітаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растайтын мәлімдеме жасады. Полиция мәлімдемесінде адвокаттарға “тергеу әрекеттерін қасақана бұзу және процессуалдық шараларды елемеу” бойынша айып тағылғаны айтылған.
Фото: instagram.com/advokatzhanna
https://stan.kz/advokati-zhanna-orazbakovanin-ustinen-kilmistik-is-kozg-411837/