Биржада доллар 3 теңгеге қымбаттады

istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/262209-birzada-dollar-3-tengege-qymbattady

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 3,45 теңгеге қымбаттап, 511,77 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 12 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 507,8 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 510,58 теңгені, сату бағамы – 512,48 теңгені құрайды. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 508,67 теңгеден сатып алып, 514,7 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетейік, 9 маусымдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,66 теңгеге, 10 маусымда – 0,12 теңгеге, 11 маусымда – 0,59 теңгеге төмендеген болатын.

Comments (0)
Add Comment