«БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Біртұтас қоғам: Келісім және сенім» жобасы аясында кеңес беру және семинар-тренинг өтті.
Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Баймульдинов Қайрат Дүйсембайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Буларов Лугмар Харкиеұлы, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының спикері Тоқатов Руслан Алтайұлы, «Республикалық дүнген этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махусеев Зайнуддин, Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы,
Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми — сараптамалық қолдау бөлімінің басшысы Каншимбеков
Ербол Бектұрғанұлы, Жамбыл облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі 7.
Мамашев Қуаныш Абдирахманұлы,
аудандағы құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Семинарда ауданға келген республикалық деңгейдегі мәртебелі қонақтар сөз алып, «Біртұтас қоғам: Келісім және сенім» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелерде этносаралық қатынастар саласындағы сенім мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік саясатты ілгерлету, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту тақырыбына жан-жақты тоқталды.
Жоба аясында атқарылатын жұмыстарға, белгіленген міндеттерге тоқталды.
Сондай-ақ, семинар- тренингте қоғамдық келісімді нығайту мәселелері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясының басымдықтары, Ассмаблеяның отырыстарында көтерілген өзекті мәселелер де айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 25 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында этноәлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және ондай оқиғалардың алдын алуға баса мән беру бағыттары бойынша жүктеген нақты міндеттері бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты.
Жиынға қатысушылар тарапынан түскен ұсыныстарға жауаптар беріліп, қатысушылар өзара пікірлер алмасты.
Келісім мен сенім қоғамның негізі екендігін, бірлік пен ынтымақты, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен сақтаудың маңыздылығын айтқан Сәкен Үмбетұлы арнайы ауданға ат басын бұрып, кеңес беру жұмыстарын жүргізген қонақтарға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.
Comments (0)
Add Comment