БІРЛІКПЕН ӨТКЕН СЕНБІЛІК

Ауданымызда бір шаңырақ астында тату — тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері түрлі науқандарға белсене атсалысуда.
Осы орайда, Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті.
Тазалық шарасына «Қазақ» этномәдени орталығының жетекшісі Светлана Қожаназарова, «Радонеж» славян этномәдени орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Галина Мороз, «Барбанг» күрд этномәдени орталығының жетекшісі Сайрам Айдарова, «Сабантуй» татар этномәдени орталығының жетекшісі Рузалина Музафарова, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Бірлікпен өткен сенбілікке қатысушылар күл — қоқыстарды тазалап, талдарды әктеу, балақтау жұмыстарын жүргізді. — Ынтымағы ұйысқан ауылымыздың тазалығына білек сыбана кірісу баршамыздың азаматтық борышымыз. Бүгінгі тазалық жұмыстарының басты мақсаты өзге ұлт өкілдерінің түрлі науқандарға үлес қоса беретінін айқындайды, — дейді ауыл тұрғындары.
Comments (0)
Add Comment