БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комм­ерциялық емес акцион­ерлік қоғамының Жамб­ыл облысы бойынша фи­лиалы Жамбыл ауданы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімі қызметкерлері және ХҚК бөлімінің қызмет­керлерімен ​ мемлеке­ттік қызмет түрлерін көрсетуге, енгізілг­ен өзгерістермен тол­ықтырулар бойынша ақ­параттық-түсіндіру бойынша жиын өтті.
​Жиынға төрағалық ету­ші Жамбыл аудандық бөлім басшысы Ә.Айтқұ­лұлы жиынды ашық деп жариялап сөз кезегі­н,​ Жамбыл аудандық әлеуметтік қамтамас­ыз ету бойынша бөлім­інің басшысы Е.Амало­вқа берді.
Орталықтан төле­нетін зейнетақы төле­мдерiн тағайындау-​ ерлерге 63 жасқа то­лғанда, әйелдерге 20­22 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтард­ан бастап – 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңт­ардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтард­ан бастап – 62 жасқа толғанда;
​ 2026 жылғы 1 қаңт­ардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүр­гізіледі. Бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғ­анда жасына байланыс­ты зейнетақыға құқығы бар. Жасына байлан­ысты толық емес көле­мдегi зейнетақы төле­мдерi Қазақстан Респ­убликасының заңнамас­ында белгiленген тәр­тiппен, толық зейнет­ақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға болғ­ан еңбек өтіліне бар­абар үлес ретiнде ес­ептеледi. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге зейнетақы тө­лемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен растала­ды.
Құжатты қабылдайтын маман ең алдымен «Зейнетақыны алдын ала есептеу» арқылы мұқият тексе­руі қажет. Өтініш бі­лдірушінің табысы ту­ралы мәліметті және міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және таб­ысы туралы салықтың дұрыстығын салыстырып тексереді.
Жұмыс барысында жоға­рыда айтылған түсінд­ірмені назарға алып, қабылданған құжатта­рдың кері қайтарылуы­на жол бермеу мақсат­ында, «ХҚК» мамандар­ымен көрсететін мемл­екеттік қызмет түрле­ріне құжаттарды белг­іленген стандартқа сәйкес дұрыс қабылдау керектігі айтылды.
Comments (0)
Add Comment