Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Роман Склярға жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде баяндады. Су тасқыны жағдайы мол түскен жауын-шашын салдарынан күрделеніп отыр. Төрт аудан мен облыс орталығында жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, 874 адам құтқарылды.
Өңірде арнайы құрылған комиссия табиғи апаттан келген шығынды есептеуді бастады. Роман Скляр барлық бағыт бойынша су тасқынына қарсы күресті күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші кезекте қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі.
ortcom.kz