Бірінші болып дауыс берді

Бүгін елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум басталды. Мемлекет үшін ең маңызды шешім қабылдау үшін таң атысымен Тараз қаласы, Абай даңғылы, №138 мекенжайында орналасқан №28 дауыс беру учаскесіне келушілер қатары көп. Учаскеге бірінші болып келіп, дауыс бергендердің арасында Анар Тілепова да бар.

Ол еліміз үшін маңызды күнде ел болашағына бей-жай қарамайтындығын жеткізді. «Біздің жасаған таңдауымыз Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан мен ұлт пен ұрпақ болашағы үшін Президент бастамасын қолдап дауыс бердім», – дейді ол.

Өз кезегінде  №28 дауыс беру  учаскесі алғаш болып дауыс берген тұрғынға арнайы сыйлық табыстады.

Айта кетейік, өңірімізде таңғы сағат 7:00-лен бастап дауыс беруге арналған 508  референдум учаскесі өз жұмысын бастады.

Comments (0)
Add Comment