БІРІЛІКТІ БЕКЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР МАСАНШЫ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін Масаншы ауылдық округіндегі тұрғындар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.


Ең алдымен 2020 жылдың ақпан айында ауданымызда орын алған оқиға кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған Құран бағыштау рәсімі өтті. Еске алу шарасына Қаракемер, Қарасай, Күнбатыс, Қызылсай, Еңбек, Өтеген, Қарасу, Ауқатты, Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр ауылдарының ақсақалдары мен жастары да қатысты. Шараға арнайы келіп қатысқан Жамбыл облысының имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы жиналған қауымға елдегі бейбітшілік пен келісімнің маңызы жайында айтып, береке-бірлікте өмір сүруге шақырды.


Осы күні «Отанды қорғау – азаматтық парыз» тақырыбында округ жастарымен аудандық ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтіп, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу қасиетті парыз екенін жас ұрпаққа ұғындырды.
Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры мен аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайы түсіндірілді.
Масаншы ауылындағы кәсіпорын қызметкерлері арасында достық қарым-қатынысты нығайту мақсатында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

 

Қордай ауданы

Comments (0)
Add Comment