Біреуді балағаттаған, қорлаған постқа лайк басу — күнә! ҚМДБ үкім шығарды

Діни басқарма кибербуллингке «интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау» деген анықтама берген.

«Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған», — деп жазылған хабарламада.

ҚМДБ Құран Кәрімнен, діни әдебиеттерден мысалдар келтіре отырып, кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне (сөз формасындағы буллинг, күш көрсету арқылы қорқыту, реляцион) тыйым салынатынын мәлімдеді.

Діни басқарма мынадай шешім шығарған:

  • Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады.
  • Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу — күнә іс.
  • Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады.

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/breud-balagattagan-korlagan-postka-layk-basu-kuna-kmdb-ukm-123785/?fbclid=IwY2xjawH6FR9leHRuA2FlbQIxMQABHT3I79Gb17wh75qWsqeqBy7DWOk6NeMIrUTgZNMNLUAnmU2hAPNLE1quqg_aem_ho1NQaEDnCSGOhex3Wgydw

Comments (0)
Add Comment