Өткен тәулікте 175 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkistan.kz.
27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2563 адам коронавирустан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 9 адамның жағдайы ауыр,
– 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
https://turkystan.kz/article/208579-bir-kunde-175-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/