Білімнің шырағы өшпесін

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев оқушыларды білім күнімен құттықтады:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және барша білім саласының жанашырлары!
Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, білім мен тәрбиенің, үміт пен болашақтың жарқын беті ашылатын маңызды сәт. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн – мәңгі есте қалатын тәтті естелік болмақ
2025–2026 жаңа оқу жылын Жамбыл облысында 523 жалпы білім беру ұйымында 247 мыңнан астам оқушы бастады. Оның ішінде 20 мыңға жуық бала алғаш рет 1-сыныпқа қадам басты.
Өңірімізде 26 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 10 жаңа мектеп пен 5 мектептің жапсарлас ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған 11 нысан 2026 жылы толық іске қосылады деп жоспарлануда.
Білімнің шырағы өшпесін, еліміздің болашағы – білімді де парасатты ұрпақтың қолында!
Comments (0)
Add Comment