Білім саласын цифрландыру жолға қойылды

Білім беру жүйесінің табысты дамуы негізінен сандық білім беруге байланысты. Бүгінде облыс бойынша мектептердің 98% электронды күнделік жүйесін пайдаланыланады. Яғни, ата-ана интернет арқылы баласының күнделікті оқу үлгерімін үйде отырып-ақ біле алады.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

«Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 446 мектептің барлығы қамтамасыз етілген.

Өткен жылдың қыркүйегінде Тараз қаласында 300 балаға арналған дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты ашылды. Білім ордасында бүгінде 120 оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 2018 жылы аудандар мен Тараз қаласында 14 IT сыныбы ашылып, 153 мектеп робототехника кабинетімен  жабдықталған.

Бұдан бөлек «Балаларды балабақшаға кезекке қою және жолдама алу» ақпараттық жүйесі 100% мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізілді. Сонымен қатар,  мектептерде «1-сыныпқа қабылдау» ақпараттық жүйесі 100% мектепке енгізілді. 

Ал «Педагогтарды жұмысқа қабылдауды басқару және ваканция кезегін автоматтандыру» жүйесі барлық мектепке енгізіліп, бүгінде 86 педагог және техникалық қызметкерлер аталған жүйе арқылы жұмысқа тұрды. Аталмыш жүйе ашықтықты қамтамасыз етіп, білім саласындағы жемқорлықтың алдын алады.

Колледждерге электронды оқыту жүйесі 100% енгізілді. 5 колледжге «Қауіпсіз колледж» жобасы енгізіліп, 5 колледжде электронды қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Comments (0)
Add Comment