Билік басында отырғандар тұрмыстық зорлық-зомбылық жасай ма – Сенат төрағасы жауап берді

Мәулен Әшімбаев сенат кулуарында Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы билікте отырғандардың басым көпшілігі абьюзерлер болғандықтан, қабылданбай жатыр дегенге қатысты пікірін айтты.

Әшімбаев бұл сұрақ жалпы сипатқа ие екенін және оған жауап беру қиын екенін айтты.



«Мемлекеттік басқару жүйесінде үйінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдар бар, сол үшін олар осы саладағы заңнаманы күшейтпей жатыр деген түсінік қате. Бізде мұндай нәрсе жоқ», – деді сенат төрағасы.

Еске салсақ, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Мәулен Әшімбаев Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

https://stan.kz/bilik-basinda-otirgandar-tyrmistik-zorlik-zombilik-zhas-390997/

Comments (0)
Add Comment