«Білегін тесіп өткен»: Жетісу облысында әскери қызметкерге оқ тиді

Оқ тиіп жараланған кіші сержант Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімде жұмыс істеген.

 almaty.tv

Жетісу облысындағы Сарыөзекте 19 жастағы әскери қызметкерге оқ тиіп, ауруханаға түсті. Қазір ол Ескелді ауданындағы ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Ал әскери бөлім қызметкерлері тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.

– 2 қыркүйекте қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан әскери қызметші жарақат алды. Еңбек демалысында екенін білем. Қылмыс бойынша ешқандай ақпарат айта алмаймын. Өйткені онымен тергеу айналысып жатыр, – деді 12740 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғали Ақылбаев.

«Балам Отарға оқу жаттығуға кетті» деп Бақытбек Қасымов отырған ұлының жараланғанын кездейсоқ білген. Оны әскери полиция арқылы тауып, ауруханаға апарған. Әкесінің айтуынша, оқ баласының білегін тесіп өткен. Сондай-ақ ол «әскери бөлім басшылығы баланы жарақат алғаннан кейін ауруханаға апармай, бір тәулік бойы пәтерде тығып ұстағанын айтты.

– Мен барған кезде баламды жігіттерінің штабынан таптым. Ал жігіттер оны үшінші үйде үшінші пәтерден тауып алған. Оқ тиген кезде бірден іріңдеп кетпеу үшін препарат салыну керек. Бірақ оны ешкім салмаған. Егер әскери тергеу бөлімінің жігіттері көмектепегенде, баламның сүйегін де таппай қалар ем, – деді Ескелді ауданының тұрғыны бақытбек Қасымбеков

Оқ тиіп жараланған кіші сержант Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімде жұмыс істеген. Ол сол жерде 6 ай әскери борышын өтеп, бір жыл бұрын ғана келісімшартпен қызметке қабылданған. Отарға оқу-жаттығуға аттанбақшы болған ол ресми түрде еңбек демалысында.

Айта кетейік, кіші сержанттың әкесі баланы әріптесі атып алды деген ақпарат айтты. Әзірге бұған қатысты ресми мәлімет берілмеді.

https://turkystan.kz/article/248336-bilegin-tesip-otken-zhetisu-oblysynda-skeri-kyzmetkerge-ok-tidi

Comments (0)
Add Comment