«Білегі кесілген»: Павлодарда 2 оқушы ауруханаға жеткізілді  

Қазір жасөспірімдердің өміріне алаңдайтын негіз жоқ деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккен 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдеммен облыстық балалар аурухнасына 14 қазан сағат 16:55-те жеткізілген.

– Балалардың бірінде оң қолдың саусақтары, екіншісінде мойын, зигоматикалық және оксипитальды аймақтарының жарақаты мен білегі кесілген, – делінген хабарламада. 

Кей деректерде бір оқуышының мойынын пышақ сырып кеткені туралы жазылған. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар әлі айтпады.

Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмаған. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілген.

Comments (0)
Add Comment