olympic.kz
https://turkystan.kz/article/272478-biatlonsy-vladislav-kireev-alem-kuboginde-algasqy-upaiyn-ensiledi
Эстерсундте (Швеция) биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соңғы жарыс күнінде із кесу сайысы өтті. Қазақстан құрамасынан осы жарысқа жалпы нәтиже бойынша тек Владислав Киреев жолдама алды.
Ол жарысты 45-ші орында бастап, мәреге 35-ші болып жетті. Киреев маусымдағы алғашқы алты ұпайын еншілеп, жалпы есепке үлес қосты.
Франция спортшысы Кентен Фийон-Майе жеңімпаз атанды. Екінші орынға швециялық Себастьян Самуэльссон, ал үшінші орынға норвегиялық Йохан-Олав Ботн жайғасты.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272478-biatlonsy-vladislav-kireev-alem-kuboginde-algasqy-upaiyn-ensiledi