Бейнеуде ерекше қажеттілігі бар 55 баланың құқығы бұзылған

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/264470-beineude-erekse-qazettiligi-bar-55-balanyn-quqygy-buzylgan
Бейнеу ауданы прокуратурасы «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ (бұдан әрі – Түзету кабинеті) қызметіне тексеріс жүргізіп, балалардың білім алу құқығын шектейтін заң бұзушылықтар анықтады, — деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Түзету кабинеті психофизикалық дамуы бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

2023-2024 оқу жылында көру қабілеті төмен, маманның сүйемелдеуіне мұқтаж 12 балаға тифлопедагогтың көмегі қамтамасыз етілмеген.

Мысалы, бір балаға педагог-дефектологтың, логопедтің, психологтың, емдік дене шынықтыру нұсқаушысының және массажистің көмегі ұсынылған. Алайда баланың жағдайына бақылау жүргізілмеген, мамандардың көмегі көрсетілмеген, жеке даму бағдарламасы, сабақ жоспары мен кестесі әзірленбеген.

Қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің көрсетілмеуі салдарынан барлығы 55 мүгедектігі бар баланың құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша түзету кабинеті директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, ал оның орынбасары тәртіптік жаза қолданылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 55 мүгедектігі бар баланың құқықтары қалпына келтірілді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264470-beineude-erekse-qazettiligi-bar-55-balanyn-quqygy-buzylgan

Comments (0)
Add Comment