БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ САРЫСУДА

Бүгін Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы Сарысу ауданына келді.
Топ құрамына құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім, бизнес, банк, құрылыс, әлеуметтік және т.б салалардың өкілдері енгізілген.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты: ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттау, этносаралық қақтығыстардың алдын алу және реттеу, ауыл тұрғындарына денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетулерін қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде бас жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халықты несиелендіру бойынша кеңестер беру,тұрғындардың әлеуметтік мәселелері анықталған жағдайда оны нақты шешу бойынша шаралар қабылдау, бизнесті дамыту және қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар туралы ақпараттандыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жоспарланған іс – шараларды жүзеге асыру барысында құқықтық көмек көрсету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтың жолын кесуге, оның ішінде мал ұрлығы мен өзге адамдардың мүлкін ұрлауға, көші-қон заңнамаларының сақталуына, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдттік шараларды өткізу.
Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында жұмыс тобының өкілдерімен актив жиыны өткізіліп, жиынды аудан әкімінің орынбасары Е. Есмаханов ашып жүргізді. Топтың жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде сөз алған Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі мәселелер бөлімінің басшысы Қ. Рысдәулет және Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғ. Мейірманов «Бейбітшілік пен келісім» жобасының маңыздылығына, жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бұдан кейін Жобаның жұмыс тобының мүшелері күнтізбелік жоспарға сәйкес өз жұмыстарына кірісті.
Ауданымызда ең көп шоғырланған өзге ұлт өкілдері Түркістан ауылдық округіндегі Арыстанды ауылында. Облыстағы этнос өкілдері көп шоғырланған 25 елді мекеннің бірі осы Арыстанды ауылы. Бұл ауылда қазіргі таңда 305 күрді ұлтының өкілдері тұрып жатыр.
Бүгін «Бейбітшілік пен келісім» жобасының жұмыс тобының мүшелері Арыстанды ауылының тұрғындармен кездесті.
Жеке қабылдаулар өткізіп, арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.
Содан кейін аудан орталығы Жаңатас қаласының Дача аймағындағы тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сарысу ауданының халқы өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауданда отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Қазақ, славян, неміс, күрді, қырғыз, өзбек және кәріс этно- мәдени орталығы жұмыс істейді.
Бүгін «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ауданымызға келген жұмыс тобының мүшелері, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі мәселелер бөлімінің басшысы Қ.Рысдәулет, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы М.Жинақбаева аудандық этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті.
Топ мүшелері аудандық мәдениет үйінде этно-мәдени орталықтардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
«Коворкинг» орталығында «Тілге құрмет- елге құрмет» атты өзге ұлт өкілдерімен өткен тақырыптық шараға қатысты.
Сарысу ауданы 
Comments (0)
Add Comment