Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-ның басшысы Мубарак Жинақбаева, әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы, лейтенант Ербол Бекмаханов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы Аят Әлиасқар және облыс әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-ның ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Замана Исмаилова сөз сөйлеп, тұтастық пен этносаралық келісімнің маңыздылығы туралы айтты.
Аудандық прокуратураның прокуроры Ердаулет Аманбаев «Заң мен тәртіп» жобасына кеңінен тоқталып өтті.