«Беттен ұрма, родной»

Алматыда жігітті соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның кадрларында жігітті ұрып-соғу әрекетін көруге болады. Видеоға түсірген адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді.

Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші қатысушы ұсталып, қамалған. Алайда істің жай-жапсары айтылмайды. Тергеу жалғасып жатыр.

Comments (0)
Add Comment