Бес баланың анасы АЧ-де Қазақстанға жүлде жеңіп алды

Кеше, 4 желтоқсанда қазақстандық бұрымды боксшы Әйгерім Сәттібаева Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді.

Жарысты 1/4 финал кезеңінен бастаған 48 келідегі Сәттібаева филиппиндік Офелия Маньоны жеңіп, жартылай финалға өтті. Ал жартылай финалға жеткен боксшы қола жүлде иеленеді.

Айта кетейік, 33 жастағы Әйгерім көп балалы ана, оның бес баласы бар. Ол құрамаға биыл қайта қосылған еді.

https://kaz.vesti.kz/boxing/bes-balanyin-anasyi-ach-de-kazakstanga-julde-jenp-aldyi-29515/?fbclid=IwY2xjawG-kr1leHRuA2FlbQIxMQABHWwguyNWZWMZIBTIz3u6jE1Fm_AZvkbSiWmdffYF7iQvDTm65yvvH9uZQA_aem_cPG78tZjS9beQQTtoaP1fA

Comments (0)
Add Comment