Күні кеше аудан әкімі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. Өздеріңіз білетіндей аталмыш серіктестік Шу ауданындағы Бірлік, Қонаев, Бірлікүстем, Шоқпар және Көкқайнар сынды ауылдарға өз қолдауын көрсетпек.
Келешекте бірлікүстемдік тұрғындар да волейбол, баскетбол, стрит воркаут пен балалар алаңының игілігін көрмек. Дәл осындай жақсылық Қонаев ауылына да орын алатын болады.
Сол секілді серіктестік Шоқпар ауылы, Алайғыр мен Құлақшын елді мекендері жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары мәресіне жетіп қалғанын айтуда. Сонымен қатар шоқпарлық өрендер жаңа футбол алаңшасында доп теуіп,стирт воркаут алаңында тән шынықтыратын болады.
Ал, Көкқайнар ауылында бокс пен күрес үйірмелері ашылады. Оны да аталған серіктестік өз мойнына алуда. Жобалардың жалпы құны 800,0 млн теңгеден асып жығылады. Жиын соңында аудан әкімі сапа мен көмектердің уақытында берілу керектігін айтып, тұрғындардың пікірін ескергені үшін серіктестік басшылығына алғысын білдірді.