Жаңа оқу жылы басталмас бұрын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасауға шақырған болатын.
Акция жалпыға міндетті білім беру қорының құрамына кірмейтін, бірақ мұқтаж болып табылатын аз қамтылған, көпбалалы және жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Ұжым мүшелері жұдырықтай жұмылып, жиналған қаражатқа көп балалы отбасынан шыққан бір бүлдіршінге керек-жарағын алып берді. Осылайша, ауызбіршіліктің арқасында бір оқушының әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауының алдын алды.
Зағипа Марат,
ЖД-158/1 мекемесінің режим және күзет бақылаушысы әділет кіші сержанты