Бензин бағасы ақпанның аяғына дейін қалай өзгереді?

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу туралы бұйрық ресми түрде күшін жойды. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, 30 қаңтарда күшіне енді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық отын қауымдастығы мәліметінше, бұйрық күшін жойғаннан кейін, 1 ақпаннан бастап жанар-жағармайды көтерме жеткізушілер бағаны көтерген. Бұл айдың аяғына дейін жанармайдың бөлшек саудадағы құнына әсер етеді.

«Отын нарығын 80 пайызға бақылайтын KC Energy Group пен Қазмұнайгазды қосқанда ресурс ұстаушылар 1 ақпаннан бастап көтерме бағаны өсірді. Осылайша бөлшек сатушылар ақпандағы отын көлемін жоғары бағамен сатып алып жатыр. Мәселен, дизель отыны мен АИ-92 бензинінің көтерме бағасы орта есеппен литріне 4 теңгеге өсті. Тиісінше ақпанның аяғына қарай бұрынғы бағамен жинақталған көлемге байланысты жанар-жағармайдың бөлшек құны литріне 4 теңгеге артады», — деп түсіндірді қауымдастық өкілдері.

Сондай-ақ, қауымдастық өкілдері қосылған 4 теңгенің 80 пайызы немесе 3 теңге мемлекеттік бюджетке акциз түрінде алынатынын айтты.

Ж. Қадыржанова

https://massaget.kz/news/benzin-bagasyi-akpannyin-ayagyina-deyn-kalay-ozgered-125371/?fbclid=IwY2xjawIgITBleHRuA2FlbQIxMAABHe3EuTMSr_bYw1v1J4rv_aFJMo5FwHzJXVU_WfSvIVWSMuwQQN-jdEhNZA_aem_ildbLImcsPbxonqPIGOG-w

Comments (0)
Add Comment