Бек Нұрмағанбет венесуэлалық боксшыны нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) Сапопандағы (Мексика) Сауль «Канело» Альварес пен Джон Райдер айқасының андеркардында кезекті жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Нұрмағанбеттің қарсыласы – Венесуэла өкілі Архенис Эспанья (15-1, 14 КО). Олардың суперорта салмақтағы жекпе-жегі сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына жетпей, екінші үш минуттықтағы нокауттан кейін қазақстандық жеңімпаз атанды.

Осылайша Бек кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетсе, Эспанья екінші рет жеңілді.

Айта кетейік, бұған дейін бокс кешінің андеркардында жеңілмеген қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл да (4-0, 4 КО) мексикалық Фабиан Риос Фраустоны (7-7-3, 4 КО) нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.

https://turkystan.kz/article/222233-bek-nurmaganbet-venesuelalyk-boksshyny-nokautpen-zhendi/

Comments (0)
Add Comment