Байзақтық шаруалар «ақылды» технологияларды игеруде

«Ақылды технологиялардың» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуға мүмкіндік беретіні соңғы Жолдауда баса айтылған болатын.

Заманауи агротехнологиялардың егін және мал шаруашылығына қолданудың маңыздылығы артып келеді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Жолдау жүктеген міндеттерді орындау және су үнемдеу технологиясын пайдалану артықшылығын сезінген Байзақ ауданының шаруалары өткен жылмен салыстырғанда 338 гектарға артық жаңа технологияны енгізді. Соның арқасында өңірде 5 жылыжай шаруашылығы, оның 2-еуі өнеркәсіптік, 3-еуі фермерлік үлгіде жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы 7 отбасылық жылыжай іске қосылды. Нәтижесінде аудан бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 6,0 гектарды құрап отыр.

Comments (0)
Add Comment