Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында алкогольді өнімдер сауда-саттығынан толықтай бас тарту туралы меморандумға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсат – Баянды ауылында мас күйде жасалатын қылмыстардың, құқық бұзушылықтарды алдын алып, үлгілі ауыл ретінде танылу.
Келісім бекітуге Мұнайлы ауданының әкімдігі мен аудандық полиция бөлімі бастама білдірген. Осылайша, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Сара Ноғаева, аудандық полиция бөлімінің басшысы Серік Айдаров, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мадина Жанжігітова, Баянды ауылының әкімі Дастан Мураталиев және ауыл кәсіпкерлері елді мекендегі дүкендерде алкогольді ішімдіктерді сатпау туралы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.