Баянауылда ағайынды балалар суға батып кетті

Оларға суға шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен.

 Сурет: www.istockphoto.com

Баянауылда ағалы-інілі екі бала суға батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерге суға түскен, деп хабарлады turkystan.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған екі ағайынды суға шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен.

«2013 жылы туған баланың денесін судан куәгерлер алып шыққан. Таңертеңгі сағат 05.15-те ТЖД жедел құтқару жасағының бес құтқарушысы 2011 жылы туған баланың денесін тауып, судан шығарды», — деп хабарлады департамент өкілдері.

ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын суға түскен кезде ережелерді сақтауды сұрайды.

https://turkystan.kz/article/245225-baianauylda-agaiyndy-balalar-suga-batyp-ketti

Comments (0)
Add Comment