Баян Мақсатқызының ескертуінен кейін Алматының жолдары жөнделе бастады

Ол өзінің жиі жүретін жолындағы қолайсыздық жайлы ерінбей видео түсірген.

«Назарбаев көшесіндегі мына шұңқырдың осылай жатқанына үш айдай болы. Сол қалпында әлі тұр. Мен үнемі бұл жерді айналып өткім келеді, бірақ кейде болмай қалады. Медеу ауданының әкімдігіне сұрақ – бұған кім жауапты? Біз бұған қашанғы шыдауымыз керек?», — деді танымал продюсер.

 

Ал кешкісін продюсер көрсеткен жолдың кем-кетігі жөнделе бастаған. Жол жөндеушілердің жұмыс істеп жүрген видеосын Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде жариялады.

«Сөзіме құлақ асқан екен. Маған қала ішінде көбірек серуендеу керек болды. Қай көшелерден өтейін?», — деп сұрады продюсер оқырмандарынан.

turkystan.kz

Comments (0)
Add Comment