13 сәуірде Бөкей Ордасы ауданындағы Мұратсай ауылының тұрғындары жергілікті су қоймасынан жүздеген өлі жануарлардың табылғанын хабарлады. Куәгерлер екі мыңға жуық ақбөкеннің өлгенін айтады.
Оқиға орнына «Охотзоопром» РМК қызметкерлері келді. Олар жануарлардың өлекселерін шығарып, жоюмен айналысады.
Сарапшылар қыстан кейін қатты әлсіреген Ақбөкендердің бір бөлігі жағаға шыға алмады және суға батып кетті деп болжайды.
Бірақ тағы бір нұсқа бар — «Охотзоопром» қызметкерлері жоғарыдан түсірілім жүргізгеннен кейін дроннан үріккен ақбөкендер тобы су қоймасынан жаппай өтіп, бір бөлігі суға батып кеткен болуы мүмкін.
«Сәуір айында осы Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді. Әлсіз болды ма, әлде бірін-бірі тапап өлтірді ме, себебі белгісіз. Қазіргі кезде «Охотзоопром» мекемесі, «Бөкейордасы» табиғи резерваты, аудан және ауыл әкімдігі қызметкерлері, ветеринар мамандар судан өлекселерді шығарып, шұңқырға көму жұмыстарын жүргізбекші. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен ғалымдар келмекші. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері судан сынама алды. Жағдай бақылауда. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Даумов.
https://stan.kz/batis-kazakstanda-su-koymasinda-akbokender-zhappay-kiri-398468/