Батыс Қазақстан облысының тұрғындары президентке утильдік алым мен тіркеу бағасын төмендету мәселесі бойынша үндеу жолдады

Видеодан скриншот

Олардың айтуынша, бірнеше жылдан бері елге Грузия мен БАӘ-ден автомобильдер әкелінді, өйткені бұл елдерде машиналардың сапасы жақсырақ және бағасы төмен.

“Біз кедендік алымдарды төледік және транзиттік нөмірлермен жүреміз. Қазақстанда утиль алым және алғашқы тіркеу бағасы өте жоғары, сондықтан қазақстандық нөмірлерді ала алмаймыз. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2,5 литр болатын автомобильдер үшін утиль алым — 862 500 теңге, ал 3,5 литр болса, 1 925 000 теңге.

Ал бастапқы тіркеу  – 1 725 000 теңге. Мұндай бағалар неге сүйеніп қойылғанын білмейміз. Мұны бізге ешкім түсіндірмейді! Утиль алым және бастапқы тіркеуді әрқайсысы 100 мың теңгеден азайтуды сұраймыз. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерді заңдастыруды талап етеміз”, – делінген хабарламада.

31 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру аяқталуда. Биліктің айтуынша, бұл 23 қаңтарда басталып, шілдеде аяқталған бір реттік акция болды. Осы уақытқа дейін өтініш бергендер жылдың соңына дейін автокөлікті заңдастыра алады.

Еске салсақ, елімізде сырттан келетін көліктерге төленетін утильдік алым мөлшері өткен жылдың мамыр айында 50 пайызға қысқарғаны айтылды.https://stan.kz/batis-kazakstan-oblisinin-tyrgindari-prezidentke-util-a-393173/

Comments (0)
Add Comment