Батыс Қазақстан облысында 600 тонна шөп жанып кетті (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысында 600 тонна шөп өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 қыркүйек күні Сырым ауданы аумағында болған.

«Сағат 15.51-де Жетікөл ауылынан 5 шақырым жерде «Қарақұдық« қыстағында «Жарас« шаруа қожалығына тиесілі аумақта үш үйілген пішен (600 тоннадай) отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 1 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 24 адам (3 техника) жұмылдырылды. «Тілсіз жау« бүгін сағат 07.48-де оқшауланып, 08.44-те ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Comments (0)
Add Comment