Ашықтық, азаматтардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, талап-тілектерін ескеру — басты міндет.
Бүгін аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың кезекті тұрғындармен кездесуі және жеке қабылдауы Тамды, Ақкөл, Қызыләуіт ауылдық округтерінде жалғасты.
Ауданның прокуратура, полиция өкілдері, мәслихат төрағасы, әкім орынбасары және салаға жауапты бөлім, мекеме басшыларымен бірлесе азаматтардың талап-тілектерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Нұрбол Әбдімажитұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Кездесуге және жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындары түрлі салаға қатысты талап тілектерін жеткізді. Барлық ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Сондай-ақ, аудан әкімі елді мекеннің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтын азаматтарға ризашылығын білдіріп, қолдау көрсетті.