БАСТЫ МАҚСАТ — ЖАСЫЛ ЭКОЛОГИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУ

«Тазару» күніндегі тазалық жұмыстары ауданымызда қарқынды түрде іске асуда. Тазалықты сақтау әсіресе қоғамдық орындарды күл — қоқыстан арылту — басты мақсат.
Осы орайда, «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері» «Ақбұлақ» бастауына тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұйымшылдықпен өткен шараны аудан әкімі Сәкен Мамытовтың өзі аралады.
Тұрғындар үшін таптырмас демалыс орынға айналған бастауды таза ұстауға бағытталған шара барысында жастар айналаны қоқыстан тазартып, талдарды әктеп, табиғаттың түрленуіне үлесін қосты. Тазалыққа қатысушылар аталмыш акция арқылы барлық тұрғындарды қоршаған ортамызды таза ұстауға үндейді.
Сарысу ауданы
Comments (0)
Add Comment