Іссапар барысында келушілер қаладағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. Атап айтсақ, Жаңатас қаласы, 4 шағынаудан 15 үй мекенжайында салынып жатқан қонақүйдің құрылыс жұмыстарын зерделеді.
Сондай — ақ, NeoView аквапаркі мен «Бақдәулет» гипермаркетінде болып кәсіпкерлерге тұтынушылар мен кәсіпкердің арасындағы байланыстың маңыздылығы туралы айтты. Мұнан соң «ЕвроХим Қаратау» ЖШС мен «Жаңатас ЖЭС» ЖШС- інде болып зауыттардың тыныс — тіршілігінен хабардар болды.