https://turkystan.kz/rticle/274234-bastesken-20-zastagy-qyz-butin-bir-mandarindi-zutyp-qoigan
Мәскеуде 20 жастағы қыз жаңа жылдық дастархан басында бәстесіп, мандаринді тұтастай жұтып, өлім аузынан аман қалды. Бұл туралы «Москва+» Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақпаратқа сәйкес, мандаринді жұтып қойғаннан кейін қыздың тынысы тарылып, тұншыға бастаған. Қасында болған таныстары шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіп, тыныс жолдарын бөгеген жеміс бөліктерін шығара алған. Жедел әрекет кезінде қыздың бір қабырғасы сынғанымен, дәл осы нақты әрі жылдам қимылдар оның өмірін сақтап қалды.
Ауруханада дәрігерлер науқасқа асфиксия және қабырға сынуы диагнозын қойған. Мамандардың айтуынша, айналасындағылардың дер кезінде көмектесуі ауыр салдардың алдын алды.