Қызметкерлердің айтуынша олар осыған дейін өз уәждерін ашығынан айта алмаған. Себебі компания наразылыққа шығуға шек қойған. Сол себепті олар eotinish порталына жариялауға мәжбүр болған. Дегенмен қазір Air Astana-да шағым авторларын табу мақсатында іздеу басталған. Олар жұмыстан шығарыламыз ба деп алаңдап отырғанын жеткізді.
«Бізге ереуілге шығуға заңмен тыйым салынғандықтан өз мәселелерміз жайлы басқаша айта алмаймыз. Қатардағы бортсеріктің еңбекақысы 240 мыңнан 320 мың теңгеге дейін құрайды. Бұл ретте ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 382 279 теңгені құрады. Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 105-бабының 1-тармағына сәйкес ауыр жұмыстармен, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар қызметкерлерге еңбекақы төлеу жоғары мөлшерде белгіленеді», — делінген хабарламада.
Қыметкерлер сонымен қатар зейнетке шығу жасына да көңілдерінің толмайтынын жеткізді. 2023 жылы қабылданған әлеуметтік кодексте ауыр жұмыстардағы қызметкерлер ерте зейнетке шығып, арнайы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.
Қызметкерлер басшылық тарап пен кадр саясатын да сынға алды.
«Бізде вице-президенттер, менеджерлер тым көп. Шетелдік басшылық бар, олардың жалақысы қазақстандағыдай емес. Қазір компанияның штаты 5000-нан асады. Ал борт қызмекерлері небәрі 25. Бұл 1 ұшаққа 200 адамды құрайды. Компания өзін ең жақсы жұмыс беруші деп қарастырғанымен, қызметкерлер мүлде басқа пікірде”, – деп қосты олар.
Қызметкерлер бонус ретінде жүретін қызметтік билеттерге де шағымын жеткізді. Айтуларынша мұндай билеттерді пайдалануда борттардың үнемі жүктелуіне байланысты ұшуға мүмкіндік жоқ. Ал кейді басшылардың басымдығына байланысты қарапайым жұмысшылар 4-5 күн кезекте тұруға кейде қосымша шығындарды көтеруге мәжбүр болады екен.
«Жыл бойы дерлік борттарды жүктеу арқылы компанияның 2023 жылғы салықты есептеемегендегі кірісі 68,7 миллион долларды құрады. Бірақ компания қызметкерлеріне сыйақы да бермеді. Самұрық-Қазына компанияларында сыйақы пайдаға қарамастан тоқсан сайын бір жалақы мөлшерінде төленеді. Ал бізде егер компания болжамды пайда бойынша жоспарды орындаса ғана орындалады. Оның өзінде деңгейді басшылық белгілейді. Көптеген қызметкерлер жалақыға риза емес. Басқа компанияларға кетуге мәжбүр. Компания қызметкерлерді жолсеріктерді бағаламайды. Әйтпесе мұндай шағым болмас та еді. Қазір бортсеріктер тапшы. Көбісі жұмыстан кетуге дайындалып жатыр. Тіпті 3 жылдық келісімшартты мерзімін толқ атқармаса да”, — деп жазды борт серіктер.
Кейн Air Astana компаниясы бортсеріктер шағымына байланысты пікір білдірді.
“Авиакомпанияда бортсеріктің ай сайынғы жалақысы әр ұшу сағаттарымен есептеледі. Сонымен қатар, олар іссапарда болған кезде тәуліктік ақы мен жол ақысы үшін қосымша қаражат алады. Бортсеріктердің жалақысы және басқа да қосымша төлемдер жыл сайынғы негізде қайта қаралады. Жалақы авиакомпаниядағы жұмыс өтіліне және кәсіби еңбегіне байланысты есептеледі», — делінген авиакомпанияның жауабында.
Компания сонымен қатар бортсеріктердің жұмыс кезіне 4-5 жұлдызды қонақүйлерде тұруын қамтамасыз ететінін де қоса кетті.
“Ұшу құрамының еңбек және демалыс, сондай-ақ зейнетке шығу жағдайлары ҚР еңбек заңнамасымен қатаң реттелген. Авиакомпания басшылығы бортсеріктердің өтініштерін назарға алады және экипаждар мен басқа да қызметкерлердің еңбек және демалыс жағдайларын одан әрі жақсарту жөніндегі жоспарды әзірлейді», — делінген ведомствоның жауабында.
https://stan.kz/news-402196/