«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің ұсынысы негізінде облыстағы 222 мемлекеттік мекеме басшылары кабинеттерін ғимараттың бірінші қабатына ауыстырса, 74 білім ордаларының директорлары өз кабиенттерінауданы үлкен емес бөлмелерге алмастыру арқылы 917 шаршы метр аланын босатты. Босатылған алаңдар ағылшын пәні, робототехника, өнер бейнелеу секілді кабинеттерге берілді.
Сонымен қатар 353 жергілікті атқарушы органдар басшыларының кабинеттеріне жүргізілген мониторингпен 239 шаршы метр демалыс бөлмелері анықталып 17 мемлекеттік орган басшыларының демалыс бөлмелерінің мақсаттары өзгертіліп, мұрағат, қойма секілді өзге кабинеттерге ауыстырылды. Басшылық лауазымдағы трансформация легіне қосқандардың ішінде Қордай ауданының әкімін мысал келтіруге болады.
Ал кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі ғимараттарда орналасқан 5 мемлекеттік орган коммуналдық меншіктегі ғимаратқа орналастырылып, 16 млн. теңгеден аса мемлекеттің қаржысы үнемделді.