Баспасөз қызметкерлері марапатталды

28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аудандық мәдениет үйінде аталып өтті. Шараны аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат саласының қоғамдағы рөлі туралы айта келе, 1937 жылы ұйымдастырылған аудандық «Сарысу» газетінің шығармашылық өмір тарихына кеңінен тоқталып өтті.
Газет редакциясында еңбек еткен барлық азаматтарға, ардагерлерге алғысын жеткізді. Құттықтау сөздің соңы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін, ардагерлерді марапаттау шарасымен жалғасты. Аудандық «Сарысу» газетінің директоры-бас редакторы Жанна Жетенова ҚР Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталды, газеттің тілшісі Камели Сүлейменова және ардагер журналист Темірлан Әбілдаев «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін » мерекелік медалінің иесі атанды. Тағы бірнеше газет және әлеуметтік желі тілшілері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Аудан әкімінің арнайы сыйлығы жазушы, журналист ардагерлер Пернебай Дүйсенбинге, Бергентай Байбол Нұрмаханұлына, Темірлан Әбілдаевқа , әлеуметтік желі блогері Нұржан Есмахановқа және осы жолдардың авторына табысталды. Құттықтау сөз сөйлеген ҚР жазушылар одағының мүшесі Пернебай Дүйсенбин, ҚР журналистер одағының мүшесі Бергентай Байбол Нұрмаханұлы бұқаралық ақпарат құралдарының елдің қоғамдық,саяси өміріндегі алатын орны жайлы, ауданымызда ақпараттық саланың қалыптасуы жайлы айтып, қаламгерлерді төл мерекесімен құттықтады. Осы мерекені ұйымдастырып отырған аудан әкіміне және басқа қызметкерлерге рахметін жолдап,алғыстарын айтты.
Өнерімен өңірге белгілі «Сарысу» үштігі тамаша әнмен шараны түйіндеді. Содан соң, мереке иелеріне арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Comments (0)
Add Comment