Баспана – бақыт шамы

Қостөбе ауылдық округіндегі Талас, Қостөбе ауылы азаматтарының ауызбірлігі, ынтымағы жарасқанын бұрыннан жақсы білетінбіз. Соның бір дәлелі өткен жылы таластықтар өз ауылдарындағы жалғыз басты анаға көмек қолын созып, «Асар» жобасы аясында үй соғып берген еді. Енді міне сол дәстүр биылғы жылы қаймағы бұзылмаған Қостөбе ауылында жалғасын тауып отыр.
Ауылдағы К.Шілдебаев көшесінде тұратын ардагер ұстаз, жалғызбасты ана Гүлжан Жылқышиева жаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлады.
Бұл отбасы – бұған дейін кішкене ғана қоржын тамда 6 адам қысылып-қымтырылып тұрып келген еді. Енді міне барлық жағдайлары бар, кең де, жарық, еңсесі биік жаңа үйге қолдары жетіп отыр.
«Асар» жобасы бойынша салынған үйді иесіне тапсыруға арналған шараға аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, аудандық мәслихаттың осы өңірдегі депутаты Гүлсүн Ешеева, Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Қожабергенов, Қостөбе, Талас ауылдарының азаматтары қатысты.
@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында, ел Тәуелсіздігі қарсаңында Темірбек ауылдық округінің Тегістік елді мекенінде көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады. Ауылдас ағайынның ауызбіршілігі арқасында бой көтерген алты бөлмелі тұрғын үй осылайша тағы бір отбасына қуаныш сыйлады.
Ел Тәуелсіздігіне орай,«Асарлатып үй салу» жобасымен кезекті тұрғын үй Сазтерек ауылдық округі, Жаңасаз елді мекенінің тұрғыны Ержан Сәлімбаевтың отбасына берілді.
Байзақ ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment