Биыл облыста зиянды организимдерге қарсы күрес жұмыстары 10280 гектар алқапқа жүргізіледі. Бүгінгі күні саяқ шегіртке қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталып, 5400 гектар алқап өңделді.
Осыған байланысты сенбі күні басқарма басшысы Нұрби Жігітеков Сарысу ауданына барып, өңдеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жалпы Сарысу ауданы бойынша 2100 гектар алқапқа өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, қазіргі уақытта оның 1600 гектары өңделіп, жоспар 76,2% орындалған.