Балқаш көлінде 4 балықшыны ағыс алып кетті

 istockphoto.com

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды.

Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.

«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», — делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

https://turkystan.kz/article/245077-balkash-kolinde-4-balykshyny-agys-alyp-ketti

Comments (0)
Add Comment