Биыл- «Еріктілер жылы». Бірлік ауылының 1988 жылғы туылған «Ерікті жастары » туып өскен ауылына қолұшын созуды өз міндеттері санап » Қамқор» акциясы аясында Ақбөпе» балабақшасының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлау мақсатында балалар ойнайтын бөлмеге түрлі ойыншықтар тарту етті. Бірлік ауылының әкімі Қ.Көпбаев пен «Ақбөпе» балабақшасының меңгерушісі Н.Саурықова бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған ауыл жастарына алғысын айтты. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деп дана халқымыз айтқандай осындай жастарымыз барда болашағымыз жарқын екеніне сенеміз. Қолы ашық жандар көп болғай…