«Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.